Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ жанкүйерлері әуежайдан әлемдік спорттық додаларда жасындай жарқылдаған қос жеңімпазды қошеметпен күтіп алды. Бусто Арсицио (Италия) қаласында өткен турнирде М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Спорт және туризм» факультетінің магистранты Махмуд Сабырхан бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясын ұтып алса, «Спорт және туризм» факультетінің студенті Төрехан Сабырхан Черногория Будвада өткен бокстан жастар арасындағы Әлем кубогында қарсылас шақкелтермей чемпион атанып және ең үздік боксшысы кубогын иеленді.
Салтанатты жиында М.Әуезов атындағы ОҚУ ОҚУ Басқарма төрағасы-ректор м.а Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы және факультет деканы Ережепов Мұхамед-Али Мәтенұлы чемпиондарды жеңісімен құттықтады. Кездесуге жиналған университеттің жанкүйер студент-жастары да ізгі тілектерін жолдап жатты.
М.Сабырхан сезімімен бөлісіп, жанкүйерлеріне алғысын айты. Ендігі мақсатым – Париж олимпиадасында алтын алу. Алда үш ай уақыт бар. Дайындықты күшейтеміз. Қолдау білдірген қазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті Махмуд Сабырхан.
Атап өтейік, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің спортшылары осымен үшінші рет олимпидалық лицензияны ұтып алды.
Махмуд Сабырханға алда өтетін жаздық олимпидада жеңіс тілейміз!