Спорт және туризм факультеті

Image
Факультет деканы п.ғ.к., доцент

Ережепов Мухаммед-али Матенұлы
Image
Рысбаев Нұрділлә Анаркулович
 
Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі декан орынбасары
Image
Ахелова Ақмарал Лесбековна

Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары
Image
Есмахан Нұрлыбек Жанәділұлы

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары

Факультет 1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында ашылған, 1996 жылы Оңтүстік Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының қайта құрылуы барысында Дене тәрбиесі және спорт институты, Шымкент педагогикалық иституты, Педагогикалық мәдениет институттарының біріктірілу негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінде дене тәрбиесі және спорт факультеті ашылды.

Дене тәрбиесі және спорт факультетінің алғашқы деканы Д.В. Денчик болса, 1970-1982 жылдары п.ғ.д., профессор М.Б.Сапарбаев болды.

Әр жылдары факультетті А.А. Вениченко, О.А.Аяшев, Ж.П.Примбетов, Ж.Н. Қобланов, Э.Д.Тлеулов, А.Е.Абуов, В.В.Есипов, А.Қ.Демеуов, А.А.Жолдасбеков басқарды. 2022 жылы А.Қ.Демеуов, 2023 жылдан М.М Ережепов басқаруда.

Image

Бекзат Саттарханов 2000ж. Олимпиада ойындарының жеңімпазы

А.Қ.Демеуов – 250 ден аса ғылыми және ғылыми әдістемелік еңбектердің авторы, “ЖОО үздік оқытушысы“ мемлекеттік грантының иегері.

Image

Бүкіләлемдік универсиаданың ашылуы Алматы 2017

 

Факультет құрамында «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі», «Спорттық пәндер және жекпе-жек»,  «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі»,  «Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтарына арналған дене тәрбиесі», «Халықаралық туризм және сервис», «Техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» жалпы 6 кафедра жұмыс жасайды.

Image

Торжественный марш, посвященный ко Дню знаний

 

Факультетте 117 оқытушы, оның ішінде 6 ғылым докторы, профессор, 31 ғылым кандидаттары, доценттер, ҚР Еңбек сіңірген 7 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Факультет Дене тәрбиесі және спорт, бастапқы әскери дайындық, туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бойынша бакалаврларды және спорт менеджменті және тренерлік қызмет білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер дайындайды.

Image

Алға Казахстан     

 

Факультет түлектері: көркем гимнастикадан еңбек сіңірген спорт шебері А.Юсупова, 2000-2009жж. Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006ж Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002ж Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы; Б.Саттарханов- Олимпиада ойындарының чемпионы Сидней 2000ж; М.Ділдабеков - 2000ж Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Е.Шыналиев - 2008ж. Пекинде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Е.Шалыгина - 2008ж. Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; А.Важенина - 2008ж. Пекинде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы; Ж.Жаппарқұл - 2016ж. Риода Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;   Б.Жакипов - бокстан әлем чемпионы, А.Подрядова, Н. Мамаев, Ангелина Мищук, Ж.Алдабергенова - Олимпиада ойындарының, Әлем чемпионаттарының  жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Image

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  университет спортшыларымен кездесуі

 

 2012ж. Лондон Олимпиадасына 4 студентіміз қатысты: еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері Е.Шалыгина, дзюдодан ХССШ А.Подрядова, оқ атудан ХССШ А.Мищук, таэквондодан ХССШ Н.Мамаев.

2016ж. РИОдағы Олимпиадада ОҚМУ студенті Жазира Жаппаркул ОО күміс жүлдегері атанды, сондай-ақ Кайрат Ералиев ХССШ (бокс), Сабина Аширбаева ХССШ (көркем гимнастика), Елизавета Король ХССШ (оқ ату), Дмитрий Коблов ХССШ (жеңіл атлетика) олимпиадада лайықты өнер көрсетті.

 

                              Біздің чемпиондар факультет мақтанышы!!!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоғары білікті спортшыларды даярлайды, «Сұңқар» спорт клубында 21 спорт секциясы бойынша 19 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Олардың 5-і ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 11- жоғары санаттағы жаттықтырушылар мен халықаралық категориядағы төрешілер. 

Image

Университет спортшылары Түркістан облысы әкімінің қабылдауында

 

2012 жылы Жазира Жаппаркул Гватемалада ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ал 2014 және 2015ж. әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып, Рио де Жанейродағы олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, ХССШ Жанбота Алдабергенова Әлем кубогының күміс жүлдегері атанып, фристайлдан Еуропа кубогын жеңіп алды (2016ж.)  ХССШ  Ержан Абильда армрестлингтен әлем чемпионы атанды (Бразилия, Сан-Паоло). 2015 жылдың қорытындысы бойынша таэквондодан спорт шебері  Нурсултан Мамаев әлемнің үздік таэквондисті атанды және 2015ж. дүниежүзілік универсиаданың чемпионы болды. 2017жылы Музаппаров Ерсултан Қазақша күрестен әлем чемпионы атанды, Сабина Аширбаева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2017ж. Азия чемпионы болды.

Image

Біздің жеңісіміздің Триумфтары !!!

2013ж. дүниежүзілік универсиада қорытындысы бойынша (Қазан 2013) ОҚМУ студенттері бір алтын және төрт қола медаль иеленді, ал 2015ж. Оңтүстік Кореяда Кванджуда 1 алтын мен 5 қола медаль жеңіп алды.

2017ж. Алматыда өткен дүниежүзілік универсиадада Жанбота Алдарбергенова чемпион және қола жүлдегер атанды, ал Жибек Арапбаева фристайлдан елімізде осы спорт түрі бойынша алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Жанбота Алдабергенова 2018ж. Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсетіп, супер финалға дейін жетті.

Image

Дүниежүзілік  универсиада Алматы2017

 
Image

Республикалық универсиаданың ОҚМУда ашылу салтанаты

 

Факультет кафедралары оқу үрдісін оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалана отырып, ғылыми ізденістерде жаңа табыстарға жетуде.

«Экономикалық, заң және  аграрлық  мамандықтар үшін дене тәрбиесі» кафедрасы 2006ж құрылған.

Қазіргі таңда кафедраны И.Т. Мустафаев басқарады.

Кафедраның профессор оқытушылар құрамы жаппай спорттық және  сауықтыру  шараларын университеттің  спорттық  клубымен  жүргізеді:

1 курс студенттерінің спартакиадасы 15 спорт түрі бойынша;

«Президенттік тесттер»;

Университеттік қоғамдық ұйымдары: «Қазақстанның студенттер Альянсы», «Студенттік кеңес», «Жас Отан», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы».

Кафедраның  профессор-оқытушылар  құрамы халықаралық  және  республикалық  конференцияларда 300-ден аса  ғылыми  мақалалар, 3- ғылыми монография, 3-электронды оқу құралын, 34  оқу құралы  және 50-ден аса әдістемелік  нұсқаулықтар  жарияланған.

«Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі » кафедрасы.

«Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі » кафедрасы 2006ж құрылған.

2006 -2012ж аралығында кафедраны п.ғ.к., доцент Артықбаев М.Ш., п.ғ.к., доцент Наханов Қ.С., аға оқытушы Тотымбаев Н.А., аға оқытушы Мамбетов Қ.Қ. басқарды.

2012 жылдан кафедраны Мамбетов М.К. басқарады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары "Дене тәрбиесі сабақтарында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру" тақырыбы бойынша орындалады. Жетекші - кафедра меңгерушісі Мамбетов М.К.

Image

ЖОО арасындағы қалалық спартакиада. Шымкент қаласы

 

 

 «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы

«Спорттық пәндер» кафедрасының негізі 1990 жылы қаланған.

«Спорттық пәндері» каферасын 1990-2010 жылдарда аға оқытушы Е.Ш.Шатаев, п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев, п.ғ.к., доцент Д.Б.Биданов, п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев, аға оқытушы С.В.Ткаченко басқарды.

2010 жылдан бері п.ғ.к. доцент Нұрлан Қыдырбекұлы Ерепбаев басқаруда.

Кафедра 14 оқытушы, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 халықаралық дәрежедегі төреші жұмыс істейді.

Кафедрада білім алған танымал спортшылар – спорт шеберлері мен халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері:  Есенкелди Н., Алментай Б., Музаппаров Е., Кошкенбек Н., Исламбекова Д., Шаукатов Ж., Усенова Г., Есенкелди Л., Келесбай Д., Абдурахманов Б., Айхынбай Ш., Мелдебек Д.,  Абдразак А., Заурбек С., Ташбулатов Д.

Кафедрада облыс және Қазақстан Республикасының спорттың барлық түрі бойынша құрама командасының құрамына кіретін спортшыларды даярлау жұмысы сәтті жүргізіліп келеді.

Image

Әлемдік универсиада алауы ОҚМУ-да

«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты жанында ашылған дене тәрбиесі және спорт факультеті құрамында «Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі  аға оқытушы Д.В.Денчук болды. Кейінгі жылдары кафедраны М.М.Федосов, Э.Ж.Тлеулов, Ж.Б.Садирмекова, А.Т.Балабеков, Б.А.Жолдасбекова басқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап бастап Н.А.Рысбаев басқаруда. Болашақ мамандарды даярлау ісін дене шынықтыру және спорт саласында көпжылдық тәжірибесі бар білікті оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер, профессорлар  жүргізуде.

Кафедра оқытушылары «Жалпы білім беретін мектептерде және сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін қолдану мәселесі» бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедра оқытушыларының соңғы жылдары 300-ге жуық  ғылыми еңбек пен оқу-әдістемелік әдебиеттері  жарық көрді.

 

Кафедра студенттері құрылыс отрядтары мен «Жасыл ел» бағдарламасына белсене қатысады.

Біздің түлектеріміз: Төкеев С.А –профессор, олимпиада ойындары түрлері бойынша ҚР ұлттық командасының директоры; Аяшев О. –п.ғ.д., профессор, ОҚМПУ ректоры; Қобланов Ж.Н. –к.п.н., профессор, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Таиров Ю.А. – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Давлетханов Ш.Г. –ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы;  Ганота М.В. –ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Юсупова А.М. –ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Image

«Оңтүстік Қазақстан» газеті мен ОҚМУ кубогы жүлдесінің облыстық эстафетасы

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.