
М. Әуезов атындағы ОҚУ тұрақты даму мақсаттары шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 07.11.2024 ж. «Спорт және туризм» факультеті «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Заманауи студенттердің жасанды интеллект арқылы салауатты өмір салтына дайындығын қалыптастыру» тақырыбында төмендегі шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті:
Ханкелдиев Шер Хакимович, п.ғ.д., профессооры, Фергана мемлекеттік университеті, Фергана қ., Өзбекстан;
Ахмедов Фуркат Кулдашевич, п.ғ.к., доцент, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің деканы, А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Жизақ қ., Өзбекстан.
Абдукаримов Нұрмахан Әмірханұлы, «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті,А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Жизақ қ., Өзбекстан;
Атамурадов Шодиер Оралұлы, п.ғ.к., профессоры, А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Жизақ қ., Өзбекстан.
Кіріспе сөзді «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Б.А.Жолдасбекова ұсынды. Өз кезегінде Б.А.Жолдасбекова барлық қатысушыларды дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырып, «Заманауи студенттердің жасанды интеллект құралдарымен салауатты өмір салтына дайындығын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында кафедра меңгерушілері мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Дөңгелек үстелде шетелдік ғалымдар мен факультет ғалымдары Б. М. Досқараев, А. Т. Балабеков, А. А. Есалиев және т. б. баяндама жасады.
«Заманауи студенттердің жасанды интеллект арқылы салауатты өмір салтына дайындығын қалыптастыру» дөңгелек үстелінің қорытындысында "Спорт және тузизм" факультетінің деканы М.М. Ережепов барлық қонақтар мен қатысушыларға дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

М.Әуезоватындағы ОҚУ-нің «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдарын, магистранттарын, студенттерін, сондай-ақ спорт мектептерінің қызметкерлерін «Оқу орындарында дене тәрбиесін жүргізудің заманауи әдістері мен инновациялық формалары» Халықаралық қысқы мектебіне қатысуға шақырады. Бүгін қысқы мектептің ашылу салтанаты өтті.
Халықаралық қысқы мектеп – спорттық және спорттық емес ұйымдарда білім беру, оқу және бәсекелестік қызметті ұйымдастыруда инновациялық әдістер мен нысандарды қолдануда проблемаларды талқылауға және практикалық шешімдер қабылдауға ғалымдар мен мамандарды тарту.
Қысқы мектеп 2025 жылдың 3-14 ақпан аралығында ZOOM платформасында онлайн формата өтеді.





