1. Спорт және туризм факультеті.
Факультет 1966 жылы Шымкент педагогикалық институтында ашылды. 1996 жылы Оңтүстік Қазақстандағы жоғары оқу орындарын қайта құру кезінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінде Дене шынықтыру және спорт институтын біріктіру негізінде «Дене шынықтыру және спорт» факультеті ашылды.
Дене шынықтыру және спорт факультетінің бірінші деканы Д.В.Денчик болды. 1970-1982 жылдары факультетті техника ғылымдарының кандидаты, профессор М.Б. Сапарбаев басқарды.
А.А. Вениченко, О.А.Аяшев, Ж.П.Пірімбетов, Ж.Н.Қобланов, Тілеулов Е.Д., Әбуов А.Е., Есіпов В.В., Демеуов А.Қ., Жолдасбеков А.А.. 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап А.Қ.Демеуов басқаруда.
Факультет құрамында «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі», «Спорттық пәндер және жекпе-жек», «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар үшін дене тәрбиесі», «Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтар үшін дене тәрбиесі», «Халықаралық туризм және сервис», «Техникалық мамандықтарға арналған дене шынықтыру» барлығы 6 кафедра бар.
М.Әуезов атындағы ОҚУ жоғары білікті спортшыларды дайындайды, «Сұңқар» спорт клубында 21 спорт секциясында 19 жаттықтырушы жұмыс істейді. Оның ішінде 5 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 11 жоғары санатты жаттықтырушы және халықаралық санаттағы төрешілер жұмыс жасауда.
2022 жылғы 15 қыркүйекте «Факультет атауын өзгерту және қайта ұйымдастыру туралы» университет басқарма төрағасының № 183 бұйрығымен «Спорт және туризм» факультеті болып қайта құрылды.
«Спорт және туризм» факультетінің 6 кафедрасында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білікті мамандар дайындалады.
Мамандықтар:
«6В01410-Бастапқы әскери дайындық»
«6В01440-Дене шынықтыру және спорт",
6В11150- Спорттық менеджмент, тынығу және жаттықтырушылық қызмет,
6В11110-«Туризм»,
6В11111- Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» бакалавр
7М11140-Спорт менеджменті және жаттықтырушылық қызмет
7М11110- Туризм мамандықтары бойынша магистрлер дайындаймыз.
Мамандарды даярлауды 4 ғылым докторы, профессор, 16 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, доцент, сонымен қатар факультеттің магистрлері мен аға оқытушылары жүзеге асырады.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарының иегерлері – 3, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары – 5 жоғары білікті мамандарды сапалы дайындауға белсене атсалысуда.
Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланыста 6 бағыт бойынша жүргізіледі. Жыл өткен сайын ғылыми жұмыс саны мен сапасы жағынан жаңа деңгейге көтерілуде. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық бағыттары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбие беретін мамандарды даярлау бағытының ерекшеліктеріне байланысты факультет ғалымдары дене шынықтыру және туризм мамандарын даярлаудың ғылыми-педагогикалық, теориялық және әдістемелік негіздерінің мәселелерін табысты шешуде.
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, АҚШ, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Чехия, Болгария елдерінің ғалымдарымен тығыз қарым-қатынаста болып, осы елдерде өтетін халықаралық конференцияларда үнемі баяндамалар жасап отырады.
Факультет Туриба университеті (Латвия), Балыкесир университеті (Түркия Республикасы), Л.В. Корфантого, Катовице (Польша), сондай-ақ консультациялар, мастер-кластар, семинарлар және дәрістер бойынша білім беру және консалтингтік қызметтерді көрсету шеңберінде Акдениз университеті (Түркия Республикасы), Лландрилло колледжі, Конвей, Солтүстік Уэльс (Ұлыбритания) университеттерімен Ресей, Украина, Беларусь, АҚШ, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Чехия, Болгария. Факультетте білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар студенттің үйлесімді тәрбиесі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, этикалық нормалар мен эстетикалық құндылықтардың бірлігінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің заңдылықтарын, оның тарихын, республикада тұратын халықтар, біздің ортақ мәдени мұрамыз және жеке адамның азаматтық құқықтары үшін жұмыстар жасалуда.
Өңірдегі спорт және туризм саласы қарқынды дамып келе жатқанын ескере отырып, басқармалар әлемдік стандартқа сай спорт және туризм саласының мамандарын даярлауға ден қойған.
- Факультет мамандықтары
«6В01410-Бастапқы әскери дайындық»
«6В01440-Дене шынықтыру және спорт",
6В11150- Спорттық менеджмент, тынығу және жаттықтырушылық қызмет,
6В11110-«Туризм»,
6В11111- Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» бакалавр
7М11140-Спорт менеджменті және жаттықтырушылық қызмет
7М11110- Туризм мамандықтары бойынша магистрлер дайындаймыз.
«Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтар үшін дене тәрбиесі» кафедрасы 2006ж құрылған.
Қазіргі таңда кафедраны И.Т. Мустафаев басқарады.
Кафедраның профессор оқытушылар құрамы жаппай спорттық және сауықтыру шараларын университеттің спорттық клубымен жүргізеді:
1 курс студенттерінің спартакиадасы 15 спорт түрі бойынша;
«Президенттік тесттер»;
Университеттік қоғамдық ұйымдары: «Қазақстанның студенттер Альянсы», «Студенттік кеңес», «Жас Отан», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы».
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және республикалық конференцияларда 300-ден аса ғылыми мақалалар, 3- ғылыми монография, 3-электронды оқу құралын, 34 оқу құралы және 50-ден аса әдістемелік нұсқаулықтар жарияланған.
«Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі » кафедрасы.
«Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі » кафедрасы 2006ж құрылған.
2006 -2012ж аралығында кафедраны п.ғ.к., доцент Артықбаев М.Ш., п.ғ.к., доцент Наханов Қ.С., аға оқытушы Тотымбаев Н.А., аға оқытушы Мамбетов Қ.Қ. басқарды.
2012 жылдан кафедраны Мамбетов М.К. басқарады.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары "Дене тәрбиесі сабақтарында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру" тақырыбы бойынша орындалады. Жетекші - кафедра меңгерушісі Мамбетов М.К.
«Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы
«Спорттық пәндер» кафедрасының негізі 1990 жылы қаланған.
«Спорттық пәндері» каферасын 1990-2010 жылдарда аға оқытушы Е.Ш.Шатаев, п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев, п.ғ.к., доцент Д.Б.Биданов, п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев, аға оқытушы С.В.Ткаченко басқарды.
2010 жылдан бері п.ғ.к. доцент Нұрлан Қыдырбекұлы Ерепбаев басқаруда.
Кафедра 14 оқытушы, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 халықаралық дәрежедегі төреші жұмыс істейді.
Кафедрада білім алған танымал спортшылар – спорт шеберлері мен халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері: Есенкелди Н., Алментай Б., Музаппаров Е., Кошкенбек Н., Исламбекова Д., Шаукатов Ж., Усенова Г., Есенкелди Л., Келесбай Д., Абдурахманов Б., Айхынбай Ш., Мелдебек Д., Абдразак А., Заурбек С., Ташбулатов Д.
Кафедрада облыс және Қазақстан Республикасының спорттың барлық түрі бойынша құрама командасының құрамына кіретін спортшыларды даярлау жұмысы сәтті жүргізіліп келеді.
«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты жанында ашылған дене тәрбиесі және спорт факультеті құрамында «Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі аға оқытушы Д.В.Денчук болды. Кейінгі жылдары кафедраны М.М.Федосов, Э.Ж.Тлеулов, Ж.Б.Садирмекова, А.Т.Балабеков, Б.А.Жолдасбекова басқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап бастап Н.А.Рысбаев, 20-қазанынан бастап С.Әбілдабеков басқаруда. Болашақ мамандарды даярлау ісін дене шынықтыру және спорт саласында көпжылдық тәжірибесі бар білікті оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер, профессорлар жүргізуде.
Кафедра оқытушылары «Жалпы білім беретін мектептерде және сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін қолдану мәселесі» бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кафедра оқытушыларының соңғы жылдары 300-ге жуық ғылыми еңбек пен оқу-әдістемелік әдебиеттері жарық көрді.
Кафедра студенттері құрылыс отрядтары мен «Жасыл ел» бағдарламасына белсене қатысады.
Біздің түлектеріміз: Төкеев С.А –профессор, олимпиада ойындары түрлері бойынша ҚР ұлттық командасының директоры; Аяшев О. –п.ғ.д., профессор, ОҚМПУ ректоры; Қобланов Ж.Н. –к.п.н., профессор, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Таиров Ю.А. – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Давлетханов Ш.Г. –ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Ганота М.В. –ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Юсупова А.М. –ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы
Кафедрада қазіргі таңда 1 ғылым докторы, 1 профессор, 4 ғылым кандидаты және 12 магистр жұмыс істейді.
Кафедраны э.ғ.к., доцент А.Е.Есенова басқаруда. Кафедра төмендегі мамандықтар бойынша маман дайындайды.
6В11111 - Қонақ үй бизнесі.
Мамандық біліктілігі – қонақ үй бизнесі бойынша білім бакалавры.
Тәжірибесі және болашақ жұмыс орны: туризм, қонақ үй және арнайы оқу орындары саласындағы қонақ үй бизнесінің маманы және т.б.
6В11110 – халықаралық туризм
Мамандық біліктілігі – халықаралық туризм мамандығы бойынша білім бакалавры.
Тәжірибе және болашақ жұмыс орны: туризм саласындағы маман және т.б.
4. Факультет кафедралары.
1. «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасы
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:
6-ғылым докторы, 8-ғылым кандидаты, 10-аға оқытушы, 2-оқытушы, 5-концертмейстер қызмет жасайды 50 пайызы ғылыми атағы барлар
5В010600 – Музыкалық білім
Мамандықтың біліктілігі – музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Жалпы білім беретін мектептерде және педагогикалық коллеждерде музыка пәнінің оқытушысы, т.б.
2. «Қазақстан тарихы» кафедрасы
«Қазақстан тарихы» кафедрасы тарих емес мамандықтарға «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен сабақ өтетін жалпы білім беретін кафедра болып табылады.
2016-2017 оқу жылында кафедрада 18 штаттық бірлікте 21 оқытушы қызмет атқарды. Оның ішінде:1 тарих ғылымдарының докторы, 10 тарих ғылымдарының кандидаты (оның ішінде 6 доцент, 4 аға оқытушы); 10 магистр оқытушы, 1 оқытушы.
Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар профессор-оқытушылар 61 % -ды құрайды.
3. «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы
Кафедрада бүгінгі күнде 3 ғылыми доктор, 10 ғылыми кандидат және 13 магистр қызмет жасайды 47 пайыз ғылыми атағы барлар. Кафедрада ПОҚ әрекетімен екі гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы іске асыралуда.
5В011400 – Тарих
Мамандықтың біліктілігі – тарих мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Орта мектептер және арнаулы оқу орындарында тарих пәнінің оқытушысы, т.б.
5В011600 – География
Мамандықтың біліктілігі – география мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Орта және арнаулы оқу орындарында география пәнінің оқытушысы, т.б.
5В020300 – Тарих
Мамандықтың біліктілігі – тарих мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Ғылыми-зерттеу мекемелері және мемлекеттік басқару секторында қызметкер, т.б.
5В020800 – Археология және этнология
Мамандықтың біліктілігі – археология және этнология мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер, археолог, т.б.
5В041900 – Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
Мамандықтың біліктілігі – мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Мұражай және өлкетану жұмыстарын ұйымдастырушы, т.б.
4. «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы
Барлық ПОК кұрамы – 30. Оның ішінде 1-п.ғ.д. академик, 1-Профессор, 7- п.ғ.к., доценттер, 12- магистр, 15- аға оқытушы, 7- оқытушы қызмет жасайды 36 пайызы ғылыми атағы барлар.
5В042100 – Дизайн
Мамандықтың біліктілігі – дизайн мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Сәулет дизайны (Интерьер дизайнері), Графикалық дизайн (Жарнама дизайнері), Костюм дизайны (Киім дизайнері), т.б.
5В041700 – Сәндік өнер
Мамандықтың біліктілігі – сәндік өнер мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Металдар мен асыл тастарды көркемдеуші зергер, т.б.
5В041300 – Кескіндеме
Мамандықтың біліктілігі – кескіндеме мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Көркемсурет және өнер, колледждерінде және мектептерінде оқытушы, т.б.
5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу
Мамандықтың біліктілігі –бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Орта мектептерде бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, т.б.
5. «Өнер» кафедрасы
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: 1 – философия ғылым докторы; 4 – педагогика ғылым кандидаттары; 2 – ОҚМУ доценті, 24 - аға оқытушы, оның ішінде: 9 - педагогика ғылым магистрі; 11 - оқытушы, оның ішінде: 2 - педагогика ғылым магистрі.
1 - халықаралық ақпараттану академиясының корреспондент мүшесі, 1 - халықаралық ақпараттану академиясының академигі; 2 – ҚР Мәдениет қайраткері, 2- ҚР білім беру ісінің үздігі, 1 - «Мәдениет майталманы», 7 – Халықаралық фольклор фестивальдерінің жүлдегерлері мен лауреаттары, 23 – Республикалық және облыстық конкурстардың лауреаттары қызмет етеді.
5В040200-«Аспаптық орындаушылық» мамандығы
Мамандықтың біліктілігі: Өнер бакалавры
5В040200-«Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің нысаны: мәдениет және өнер ұйымдары, орта білім беру музыкалық оқу орындары, музыкалық редакциялар, шығармашылық ұжымдар (оркестр, ансамбль).
5В040600 – Режиссура
Мамандықтың біліктілігі: Өнер бакалавры
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: театрлар, шығармашылық орталықтары мен бірлестіктер, телестудия, киностудия, мәдениет пен өнер мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары.
5В040900 – Хореография
Мамандықтың біліктілігі: Өнер бакалавры
Педагогикалық және хореографиялық өнерді насихаттауға саласындағы шығармашылық қызметі:
- мәдениет мекемелерінде: шығармашылық орталықтар, сарайлар мен мәдениет үйлері, клубтар, мектептер, орта арнаулы оқу орындарының студиялары, өнер, балалар мекемелері.
6 «Мәдени тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасы
Болашақ мамандарға ғылыми дәрежесі бар ғылым докторлары, ғылым кандидаттары халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мамандықтың қыр-сырын үйретеді.
Мамандық студенттері тек білім ғылымда ғана емес шығармашылық тұрғыдан да үздік жетістіктерге жеткен.
Кафедрада оқытушылардың ғылыми дәрежесі 31,7% құрайды. Ғылым докторы-2,
Ғылым кандидаты-9, PhD доктор-1, Магистр оқытушы-10, Барлығы-44
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
Мамандықтың біліктілігі – әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкері, т.б.
5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы
Мамандықтың біліктілігі – мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша білім бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Мектептерде және мәдени орталықтарда мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушы, т.б.
5. Факультеттің зертханалары
Педагогика және мәдениет факультетінің оқу ғимараты
«Педагогика және мәдениет» факультетінің электрондық кітапханасы
«Педагогика және мәдениет» факультетінің электрондық кітапханасы
Оқытудың озық технологиясын қолданылған оқу сабақтары
Педагогика және мәдениет факультетінің Акт зал
Педагогика және мәдениет факультетінің Акт зал
Арнайы би залы
Студенттердің жеке көрме өткізетін “Жетіасар” галереясы
Студенттердің жеке көрме өткізетін “Жетіасар” галереясы
6. Факультет жатақханасы
№1 жатақхана С. Жандосов көшесі №3 мекен жайында орналасқан
№1 Жатақхана сыртқы көрінісі
№1 жатақхана Акт залы
№1 жатақхананың компютерлік залы
№1 жатақхананың үздік бөлмесі
№1 жатақхананың асханасы
- Студенттер өмірінен ақпарат
Халықаралық жазғы мектеп тыңдаушылары Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде
“Климаттық өзгерістер және климаттық өзгерістерге бейімделу контексіндегі қоршаған орта” тақырыбы бойынша ұйымдастырылған сайыста М. Әуезов атындағы ОҚМУ тобы ІІ орынмен марапатталды
Педагогика және мәдениет факультетінің студенттері ұйымдастыратын облыстық КИНО Арт кино байқауы
Факультет студенттері көрме орталығында
Факультет студенттері «Масленица» мерекесінде
Факультет студенттері облыстық орыс драма театрында
Факультет студенттері пәндік олимпиадан жүлдегерлерін құттықтау рәсімі