УНИВЕРСИТЕТ САЙТЫНА

   Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-да өткен  археология және этнология мамандығы бойынша VIII – Республикалық пәнаралық олимпиадаға «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы белсене атсалысып, студенттер дайындады. Осы іс-шараға т.ғ.к. доцент Жанысбекова Г.А. жетекшілігімен «Ұлы дала қырандары» командасын ұйымдастырды. Команда құрамын толықтырған студенттер: Пик-12-3к тобынан Отар Ә.Н., ПИК-13-3к табынан Әлімхан М.Ә., Түймебаева М.Т., Рашхан М.Ғ., ПИК-15-3к тобынан Әшім Ж.Қ. Аталған жарыс 3-турдан тұрды. 1-тур таныстыру, 2-тур археологиядан жоба қорғау, 3-тур этнологиядан жоба қорғау. 1-турға топ мүшелері өзіміздің оқу ғимаратымыздың көрінісін, студенттік өмірден сыр шертетін бейнебаян жасады. Ал келесі турға қарсы жобаның тақырыбын «ежелгі қала – Испиджаб» болды. Аталған тақырыпқа сай топ мүшелері Испиджаб (қазіргі атауы Сайрам) қаласына барып тарихи ескерткіштерге экскурсия жасап тарихымен және соңғы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты. 3-турға «Сайрам қаласындағы Өзбек ұлтының этнографиясы» тақырыбын алып, Сайрамдағы өзбек халқының салт-дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен, ұлттық киімдерімен, ұлттық мейрамдарымен және т.б. өмір сүру дәстүрімен танысты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардан сауалнама жинап, Қазақстан жерінде өмір сүретін өзбек ұлты мен Өзбекстанда өмір сүретін өзбек халқының тілдік ерекшеліктерін зерттеді. Ал олимпиаданың өзіне келер болсақ, Қазақстанның түрлі аймақтарынан 13 команда қатысты. Бас жүлдені әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың «Археология қырандары» командасы алды. Өзіміздің «Ұлы дала қырандары» «үздік студенттік жоба» номинациясымен қоржынын майлады.

    

 


Күнтізбе

Қыркүйек 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.