Жаңалықтар
31 мамыр мен 4 маусым күндері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және ҚР БжҒМ Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция болды. АҚШ, Венгрия, Грузия, Ресей және Қазақстандық ғалымдардың қатысуымен өткен ғылыми жиынға «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. С.Айкөзов және т.ғ.к., доцент Г.Тілеуқұлов қатысып Қазақстан тарихын жаңаша зерттеудегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихшы ғалымдарының қосқан үлесі атты баяндама жасады.