Жаңалықтар
2016 жылдың 4 қазанында «Қазақстан тарихы» кафедрасының ҚР БжҒМ тарапынан қаржыландырылатын «Оңтүстік Қазақстан облысы жастары арасындағы этникалық бірегейліктің дамуын зерттеу» (жетекші т.ғ.к., доцент С.Ө.Карибаев) және «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық көпэтносты аудандарындағы өзара ықпалдасу факторларын зерттеу және тұрғындардың ішкі бірлігін нығайтудың моделін жасау» (жетекші т.ғ.к., доцент С.М. Джунусбаев) атты ғылыми жобалары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиынға ғылыми жоба жетекшілері мен ғылыми қызметкерлер, облыстық прокуратураның бөлім басшысы, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекеменің бөлім басшысы, ауған соғысы ардагерлері, университеттің тәрбие бөлімі, «Достық» клубы, «Жастар орталығы» қызметкерлерімен қатар, студент жастар қатысы. Іс-шара барысында облыстағы этносаралық қатынастар жайы, жастар арасындағы этникалық бірегейлік мәселелері жан-жақты талқыланып, облыстағы қандай жағдаятқа көңіл аудару керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу нәтижелері мен дөңгелек үстел барысында айтылған пікірлерді атқарушы билікке жеткізуге шешім қабылданды.