Жаңалықтар
2017 жылдың 6 сәуір күні 514-аудиторияда «Мәдени-тынығу жұмысы» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы 4 курс студенттерінің дипломалды іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өткізілді. КонференцияғаМ.Әуезов атындағы ОҚМУ, Іс-тәжірибе және ОҒӨК бөлімінің маманы Хусанов Н, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының маманы Байтенов Қ, іс-тәжірибе жетекшілері, 4 курс ПИК-13-15к2,3 ПИК-13-14к тобының студенттері қатысты. Студенттер арнайы дайындалған слаидтарымен дипломалды іс-тәжірибе барысында атқарылған жұмыстары жайлы есептерін берді. Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының маманы Байтенов Қ. дипломалды іс-тәжірибеден өту барысында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысқаны үшін ПИК-13-15к2 тобының 6 студентіне орталық басшысының Алғыс хаттарын тапсырды.