Пәндік олимпиада

20 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығының оқу залында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» бойынша факультетаралық ІХ - пәндік Олимпиада болып өтті. Пәндік олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан студенттер командасы да қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан»,  «Мәңгілік ел», «Алаш айнасы» (Филология факультеті), «ЭКСПО» («Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі), «Алаш KZ» (ОҚМФА) және «Жас тұлпар» (Жаратылыстану-педагогикалық факультеті) командалары қатысқан сайыс тест сұрақтарына жауап беру, арнайы тақырыптар негізінде эссе жазу мен презентациялық көрсетілімдегі тапсырманы орындау кезеңдері бойынша жүргізілді. Олимпиада барысында «Алаш» партиясы мен       «Алашорда» үкіметіне 100 жыл» тақырыбында АБО-ның  Гуманитарлық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімінің (меңгерушісі Ж.Ережепова) ұйымдастыруымен кітаптар көрмесі ұсынылды. Қорытындысында білімдері, зерттеулік және шығармашылық ізденістерін көрсеткен үздік командалар анықталып «Қазақстан тарихы» кафедрасы тарапынан марапатталды.

       


Күнтізбе

Қыркүйек 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.