Жаңалықтар
Ақпан айының 2-і күні қаламыздың Балалар және жасөспірімдер орталығындағы Оқушылар сарайында арнайы шақыру бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұстаздарымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай кездесу ұйымдастырылды. Ұйым директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Көпжасаров жүргізіп отырған іс-шараға «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев, т.ғ.к. Ж.Жолдыбаев және т.ғ.к. С.Жунисбаевтар қатысып баяндама жасады, зерттеулік ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу соңында Балалар және жасөспірімдер орталығының басшысы Н.Романова қонақтарға алғыс хаттар табыстады.