Жаңалықтар
29 қараша күні № 1 жатақханада «Қазақстан тарихы» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру - уақыт талабы» тақырыбында студенттермен ақпараттық-танымдық әңгіме өткізілді. Жиында кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев азаматтық қоғамды, өркениетімізді дамыту мен латын әліпбиі туралы әңгімелесе, т.ғ.к., аға оқытушы Л.Рсымбетова ел болашағындағы үш тұғырлы саясат туралы және аға оқытушы А.Қабыл «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» бойынша баяндама жасады. Сұхбаттасу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
powered by social2s