Жаңалықтар
Жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша 5В011400 – Тарих мамандығы 3 курс студенттері өткізген үздік іс-тәжірибе
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 172
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Педагогика және мәдениет» факультеті, 5В011400 – Тарих мамандығының, ПИК – 15 -3к тобы студенттері Әшім Жанторе, Байзақ Сабина, Жанұзақ Мөлдір, Бегарисов Рамазан және басқалары Ы.Алтынсарин атындағы № 65мектеп-гимназиясы және М.Жұмабаев атындағы атындағы № 39 жалпы орта мектебінде «Қазақстан тарихы және Дүние жүзі тарихы» пәндерінен жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша 5 және 7 сыныптарда іс-тәжірибеден өтті. Жетекшілік еткен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Жанысбекова Гүлнар Әмірбайқызы. Іс-тәжірибе барысында студенттер педагогикалық-психологиялық жұмыс атқарып, пән мұғалімі ретіндесабақтарын жоғары деңгейде өткізді. 4 апта ішінде оқушылармен жұмыс жасап, ашық тәрбие сағаттар, ашық сабақтар және де оқушылармен бірге ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. «Қазақстар тарихы» пәнінен 5-сыныптарға «Сақ-массагеттер», «Тұмар (Томирис) ханша», «Александр Македонский неге сақтарды бағындыра алмады?» және де 7-сыныптарға «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары», «Моғолстан» тақырыптарына ашық сабақтар өткізді. Сабақтар барысындағы көрнекіліктер: интербелсенді тақта, презентация, таратпа материалдар, ойындар, оқушылардың ізденіс жұмыстары. Мектептегі іс-тәжірибе жетекшілері студенттерден көңілі шықты. Олардың атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мектеп атынан студенттерге үздік іс-тәжірибе үшін мадақтама және университеттегі жетекшісі Жанысбекова Гүлнар апайға алғыс хат берді.