Жаңалықтар
2018 жылдың 26 қыркүйегінде А.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы универсалдық кітапханасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарлама аясында студент жастары ғалым,археолог ,тарих ғылымдарының докторы А.Н.Подушкинмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Мулдахметова Ж.И «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының алты жобасын жүзеге асыру барысы мен механизмдері туралы айтып берді және оны жүзеге асыру үшін ұлттың мәдени әлеуетіне айрықша мән берілді. Кездесу барысында археолог Түркістан облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша археологиялық зерттеулерді таныстырды.