Жаңалықтар
2018 жылы 19 – 21 қараша арлығында М.Әузов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары Г.Қапбарова және А.Байжанова «2018 – 2019 жылдарға жоспарланған Кәсіби бағдар» бойынша Төлеби ауданындағы бірнеше мектептердің оқытушыларына үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда:, «Нысанбек жалпы орта білім беретін мектебі», «Жаңа ұйым жалпы орта білім беретін мектебі», «Екпінді жалпы орта білім беретін мектебі», «Аққұм жалпы орта білім беретін мектебі», «Момынай жалпы орта білім беретін мектебі», «Диханкөл жалпы орта білім беретін мектебі» және «Алатау жалпы орта білім беретін мектебі». Оқу ордаларында үгіт – насихат жұмыстары жүргізіліп, нәтижиесінде әр бір сыныптан 20 пайыз оқушы М.Әузов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне өз құжаттарын тапсыратын болды.