Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің белсенді демалысы және танымдық экскурсиясы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 242
Біздің ПИК-16-3к тобының студенттері 2017 жылдың 23 қыркүйегінде Мырзамсеитова Г.Е., Аманбаева М.А. Рсымбетова Ш.А. атты оқытушылармен және де «Тарих», «Археология», «География», «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтарының ПИК-17-3к, ПИК-17-4к, ПИК-16-4к, ПИК-16-12к топ студенттерімен бірге Орталық Азиядағы ең үлкен және биоалуантүрлі қорықтардың бірі «Ақсу Жабағылы» қорығында болып қайтты. Оның керемет есімі екі өзеннің бірігуінен алынған: Ақсу және Жабағылы. Жол нұсқаушымен бірге біз 12 шақырымды жүріп өтіп, ал биіктікте теңіз деңгейінен 1760 метрге дейін көтерілдік. Шаршау және күрделі жолға қарамастан, біз Талас Алатауының сілемдері басталар тұстағы «Жетімсай» шатқалындағы «Кіші қайындыға да» келіп жеттік. Бұл жер біз үшін көп нәрсемен есімізде қалды: тастар құдды біреудің көмегіне сүйеніп, сол жерде далада шашылып жатқандай. Тіпті ең аңдамайтын адамның көзі шалмауы мүмкін емес. Қатар тізілген қалың жасыл шыршалар, әрине Ақсу Жабағылы сарқырамасының өзі де таудан төмен қарай сырғыған қар көшкіні іспетті. Ал ақыр аяғында ақ буырқасыны құдды біреу сусабын қосып қойғандай көз тамсандырады. Бұл шатқалда аюларда сирек кездеспейді, олар қорықта өмір сүретін жануарлардың ең үлкен түрлерінің бірі болып табылады. Жол бойында тіпті қонжықтардың іздерін де байқадық, сондықтан шатқалда сақболу артық емес.
Табиғаттың сан ғасырлық сырына таңдана қайтар жолда қорыққа кірер тұстағы мұражайға кіруді ұйғардық. Мұражайға кіргенге дейін қорық табиғаты жайлы, қорықтың қалыптасу тарихы жайлы да көп естіген болатынбыз. Мұражайда бізге «Өлкетану»пәнінен айтылған мәліметтерді көзбен көрдік. Сонымен қатар мұражайда қорықтың үш кезеңіне арналған экспозициялық залдарды араладық. Соның ішінде ерекше қорғауға алынған аймақтың жер бедері мен табиғаты ерекше қызушылық тудырды. Қатырылған жануарлар мен құстар, гербарийлер шыны сөрелерден өз орындарын алды. Ақсу Жабағылы қорығы жануарлар мен өсімдіктерге бай. Табиғатымызды сақтау үшін оны қорғау қажет. Экскурсия барысында біздің кафедраның студенттері көп нәрсені үйренді және пайдалы ақпараттар алды.
Бұл сапар бізге көптеген эмоциялар, жылы сәттерді және өмірді басқада қырларынан көруге мүмкіндік берді. Университет ректоры Ж.Ү Мырхалықовқа, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бойынша Е.Р Байқонысовқа., кафедра меңгерушісі Г.К. Отарбаеваға және басқа да ұйымдастырушыларға осы мүмкіндік үшін студенттердің және «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының атынан сіздерге алғысымызды білдіреміз!