Бейнелеу өнері және дизайн

 

Болысбаев Даулетхан Сейтмаханович 

Кафедра меңгерушісі,

филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі

 

 

 

Байланыс үшін мәлімет: №8 ғимарат 402 кабинет,

Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 36-71-90

E-mail: daulet.bolysbaev.74Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының қалыптасу және даму тарихы.

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.

Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М.  т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.

Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар  педагогика ғылымдарының кандидаттары: Павловский А.Л.,  Айдосов Ә.,  т.б. Суретшілерінің Одағының мүшелері көптеген халықаралық  жеке Республикалық көрмелерге қатысып келеді.

Кафедра 1993 жылы «Дене тәрбие және спорт» институтының, кейіннен қайта құру барысында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институттың құрамында, қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық мәдениет және өнер институтына құрамына кіреді.

1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л. басқарды. 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

29.09.05 жылы бекітілген № 880-Л ректордың бұйрығы бойынша «Сурет және кескіндеме» кафедрасы «Кескіндеме және дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» кафедраларына бөлінген. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында  050107 «Бейнелеу өнері және сызу», бакалавриат  мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері негізінде, 6N0107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға мамандар даярлайды.

2005 жылдан бері «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы үш мамандық бойынша кадрлар дайындайды: 5В042100 – «Дизайн, 5В041700- Сәндік өнер бакалаврларын, сонымен қатар 6M042100 – Дизайн, 6M041400 – Графика  мамандықтары бойынша магистрлерді дайындайды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., доцент С.К.Бейсенбаев, п.ғ.д., доцент  Тәңірбергенов М. Ж  п.ғ.к. М.Ж.Джакипбекова, п.ғ.к. Т.С.Буркитбаев, п.ғ.к. Қ.А.Жолдасбекова, филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Болысбаев Д.С қызмет атқарды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы мен «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы бірігіп, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып аталды.

Кафедра барлық талаптарға сай жауап беретін жақсы жабдықталған оқу аудиторияларымен, тігін және зергер шеберханалар және заманауи үлгідегі бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер қамтамасыз етілген және мол натура қоры бар.

Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады. Кафедра жанында «Жетіасар» көркемсурет галереясы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кафедрада 29 оқытушы ғылыми-ағарту, тәрбие жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде, 2-педагогика ғылымдарының докторы, 1-профессор, 5-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1-ҚР Мәдениет қайраткері, 3- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 10-ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 12- магистрі, 17-аға оқытушы және 7оқытушылар қызмет етеді.

Кафедрадағы ғылыми бағыт бойынша профессор – оқытушылар құрамы /ПОҚ/ ғылыми – практикалық және әдістемелік конференцияларға тұрақты қатысып келеді.

Кафедра өз жұмысын жақсарту мақсатында Республикамызбен Ресей, Өзбекстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының көркем графика факультеттерімен байланысын арттырып, тығыз бірлестікте жұмыс істеуде.

Білім беру бағдарламасы «Дизайн» іске асыру университетінің миссиясына сәйкес жүзеге асырылады және іргелі білімі бар жаңа формацияның бәсекеге қабілетті мамандарды, инновациялық тәсілдерді, дизайн, бейнелеу өнері, сәндік өнер және кесіндеме саласында, ғылыми, оқу, кәсіптік және тәжірибелік іс-әрекеті үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын дайындау.  

Кафедра келесі білім беру бағдарламасы бойынша  мамандар дайындайды:

 6В02170 - Сән дизайны білім беру бағдарламасы 

     Дизайнерлік қабілеті жоғары эстетикалық талғамы қалыптастырылған дизайнерлер дайындалады.

Қызмет аумағы:

-Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау;

-Тігін бұйымдарының топтық түрлері;

-Аксессуарлар жасайды;

-Тоқыма бұйымдарын дайындау;

Сахна костюмдерін жобалау;

-Шығармашылық жұмыстармен шұғылдану;

-Көркемсурет және өнер мектептерінде, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқытушы;

-Сән салондарында, тігін шеберханасында арнайы киім дизайнері;

-Сән салондарында тігінші;

-Мектептен тыс мекемелерде эстетикалық циклдағы үйірмелердің жетекшісі.

 6В02171 - Орта  дизайны білім беру бағдарламасы 

    Дизайнерлік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы қалыптастырылған дизайнерлер дайындалады. Олар психология мен педагогикадан дәрістер берілу негізінде педагогтік қызметті де атқара алады.

Қызмет аумағы:

-Ойын сауықтыру және спорт сарайларының ішкі көрінісін жобалаушы дизайнер;

-Көрмелік және сауда экспозициялары;

-Жинақтау;

-Жеке үй және офистерді безендіру;

-Мейрамханалар, мәдениет сарайларын безендіру;

   

 

6В02160 - Сәндік өнер білім беру бағдарламасы  

Қызмет аумағы:

       Бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілеріне көркем бұйымдар әзірлейтін өндіріс орындары.

-Қымбат бағалы металдар мен тастарды көркемдеуші зергер;

-Көркем қолөнер бұйымдарын дайындаушы шебер;

-Шығармашылық шеберханалар мен студиялардың жетекшілері;

-Агенттіктер мен фирмалардың дизайнерлері;

-Көркемсурет колледжі, мектептерде мұғалім

 

 

 6В01131-Визуалды өнер,көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламасы 

Визуалды өнер,көркем еңбек, графика және жобалау пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарады

 

 6В02140-Кескіндеме мамандығы білім беру бағдарламасы

Шығармашылық кескіндемеші болып жұмыс атқарады

.

6В02150 - Графика білім беру бағдарламасы  

Кафедра келесі мамандықтар бойынша магистрлер дайындайды:

7М02170 - Дизайн

7М02150 - Графика 

7М02140 - Кескіндеме 

7М01430 - Бейнелеу өнері және сызу

 

 

03.02.2016ж.  Қ Р суретшілер  одағының  мүшесі,  Қ Р мәдениет  қайраткері, М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-дың « Бейнелеу  өнері  және  дизайн »  кафедрасының  профессоры  Айдосов Ануарбек  Нұрмаханұлының Қ Р Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  және  мерей  тойға арналған жеке  шығармашылық көрмесі  өтті.

 

Болысбаев Дәулет Сейтмаханұлы филос. ғ.к, ҚР суретшілер одағының мүшесі 2016-2017 оқу жылында ҚР «ЖОО–ның үздік оқытушысы» (2016 ж) атанды.

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының «Жетіасар» галереясында  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, алғаш рет Кескіндеме мамандығының ПИК- 15-10к тобы студенттері, Тәбілхан Рена, Сайдулла Ұлжан, Әбдікерім Салтанат, Серікжан Жалындардың жеке шығармашылық «Студенттік көрме-2017» көрмесі өтті. Көрме жетекшісі «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының профессоры Айдосов А.

   

Кафедраның оқытушылар құрамы

    Кафедрада 2 ғылым докторы, 1 профессор,   5  педагогика ғылымдарының  кандидаты,1 ҚР Мәдениет қайраткері ,  1 ҚР  Елбасының «Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  иегері.

Кафедра оқытушылары халқаралық, университет, қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін барлық көрмелерге  белсенді қатысады.

  

  

 

Оқу-әдістемелік жұмыс 

Кафедра  оқытушылары  кафедрада  дайындалатын білім беру  бағдарламаларын  оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ету  бойынша   белсенді  жұмыстар  жүргізеді. Кафедра  оқытушылары  дайындаған    оқу-әдістемелік  әдебиеттер   

Болысбаев Д.С. Декоративтік кескіндеме. 2019, Болысбаев Д.С., Сайнанов Б.Тақырыптық  кескіндеме. 2019. Болысбаев Д.С., Ибраимова П.Т. Станоктік кескіндеме. ОҚМУ баспаханасы.  Шымкент 2019, Төребаев Б. П. Түстану. Оқу құралы.  ОҚМУ баспаханасы.  Шымкент 2020 г.

 Кунжигитов Г.Б. Монография. Conseptualanalisisos the fise arts of independeniKazakhstanin the light of its etnic identity.  2021,  Ағәділова Ж. М., Күнжігітова Г. Б.,  Айдосов А. Основы дизайна. Оқулық.   «Эверо», Алматы 2020, Болысбаев Д. С., Джартыбаева Ж.Д. «Мүсін өнері»  Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2021, Сайнанов Б,А. «Академиялык сурет». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Дайрабаева Г.И. «Материалтану – 1». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Сарсен А.Д. «Проектирование тематических парков». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020 ж, Миронова Т.Г., Жолдасбекова К.А.   «Дизайн среды» по дисциплине «Проектирование средовых объектов – 1,2».  Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2021, Оспанов Д.М. «Дизайн среды» по дисциплине «Типология графического дизайна».Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Ибрагимова Л.Т. «Кәсіби дизайнның элементтері мен үрдістері».Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Әбуова М.А. «Имидж и стиль». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020,  Бурибеков О.С. Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020.

Академиялық ұтқырлық           

 

 Білім беру қызметін көрсету саласында өзара қызметтестік  келісімдері бар.

2018-2019 оқу жылы

1)5В042100-Дизайн мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-17-13к2 тобының 2 курс студенті Құрал Алтын Серікқызы 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

2) 5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Төленбай Турсынай Әлібекқызы   2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

3) 5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Курбанова Куралай Есиркеповна 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

4) 5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Жандабаева Жансая Медетқызы  2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

5)  5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Қасымхан Қырмызы Ордакқызы   2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

2019-2020 оқу жылы

1)5В042100-Дизайн мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-18-13к1 тобының 2 курс студенті Түсенбекова Ақерке Еркінқызы  2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде  2020 ж қаңтардың  20-ы мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Алматы технологиялық унисерситетіне (Алматы қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

2) МС-15-13к4 Абызбек Дана, МС-15-13к3 Раисова Лаура, МС-15-13к3 Анурабек Арайлым, МС-15-13к1 Мейірман Дина, MC-15-13к1  Кеңесбек Ғайнижамал, МС-15-13к1 Төле Бірғаным, МС-16-11к Мылтықбай Ерлан, МС-16-11к Мұхаммед Қадір, МС-15-10к Сейдулла Ұлжан, МС-15-10к  Тәбілхан Рена, МС-15-10к  Серікжан Жалын, МС-15-10к Әбдікерім Салтанат топ студенттері  «Auezov International Summer  University-2020»  «Жүйелі ойлау және мәліметтерді талдау.Мәліметтер визуализациясы» атты школадан өтті.

 

2020-2021 оқу жылы

1)6B02170 Киім дизайны мамандығының , МС-19-13p1 тобының студенті Мырзахмет Луиза  1-12 ақпан айы аралығында  «Auezov International Winter University-2021» «Smart Textile & Design» 90 академиялық сағаттық курстан өтіп. Сертификатқа ие болды. 2021 ж.

2)6B02171 Орта  дизайны мамандығының , МС-19-12к тобыныңстуденті Жаңалық Аида 1-12 ақпан айы аралығында  «Auezov International Winter University-2021» «Smart Textile & Design» 90 академиялық сағаттық курстан өтіп, сертификатқа ие болды. 2021 ж.

                    

Студенттік өмір

Студенттер университеттің жыл сайынғы студенттік ғылыми конференцияларында, пәндік Олимпиадаларда мен СҒЗЖ байқауларында атқарылған ғылыми жұмыстар туралы баяндамалар жасайды және ғылыми журналдарда жарияланады.

 

Кескіндеме мамандығының 2  - курс студенті  Жұмабаев М.М Университет көлемінде өткізілген "Жыл студенті - 2019" байқауының "Жас ақын" номинациясының иегері болып табылды  

  

ХІ Республикалық пәндік олимпиада.

27-30.03.2019 ж күндері Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында жоғары оқу орындары арасында өткен ХІ Республикалық  студенттік пәндік олимпиада өтті. «Бейнелеу өнер және дизайн» кафедрасы оқытушылар  Дайрабаева Г., Кенжебаева А., Ибрагимова Л.  жетекшілігіндегі «Киім дизайны» мамандығының  студенттері «Костюм жобалау» пәні бойынша қатысты. Ордабек Әсел ІІ-дәрежелі дипломмен марапаталды. «Сәндік өнер» мамандығының студенттері Бүркітбай Салтанат, Жолдасова Ақниет «Металды және басқа материалдарды көркемдеп өңдеу» мамандандыруы бойынша  ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Оспанов Дарханға сертификат табысталды.  

   

«Бөбек» жалпы ұлттық қозғалысы ассоциациясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы «Үздік студент 2019» байқауы ұйымдастырылды.  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының  «Кескіндеме»  мамандығының студенттері Әлен Айшабиібі мен  Байтас Майра медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып «Халықаралық Талантты жастар энциклопедиясының»  1 кітап жинағына енді

 

  

2020 жылы Қызылорда қаласында Киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, жастар және қыздар арасында өткен № 2 ООРМБЖМ ашық біріншілігінде 1 орынды жеңіп алған М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Педагогика және мәдениет факультетінің "Бейнелеу өнері және дизайн" кафедрасының ПИК-15-13к3 тобының студенті Менглиев Мұхаммедті құттықтаймыз.

  

2021 жылы Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында жоғары оқу орындары арасында онлайн өткен ХІІІ  Республикалық  студенттік пәндік олимпиада өтті. «Бейнелеу өнер және дизайн» кафедрасы оқытушылар  Абуова М.  жетекшілігіндегі «Киім дизайны» мамандығының  студенттері «Костюм жобалау» пәні бойынша қатысты.  ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды . «Сәндік өнер»  мамандығының студенттері Опабек С. Даулыбай Ұ. «Зергерлік іс» мамандандыруы бойынша  ІІ және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Оспанов Дархан және Оспанов Талғат 

 

 

Студенттердің практикадан өту барысы

6B01431 – «Визуалды  өнер, көркем  еңбек, графика  және  жобалау» -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, № 66 Қазғұрт ЖОББМ, № 69 ЖОМ

5В041300 – Кескіндеме мамандығы және 6B02140-БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, ЖК «Алтын - Орда»,

5В042100 «Дизайн» мамандығы және 5В042100-«Сән дизайны» -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, ИП Ширшикбаева ателье «Алия», Салон декоративных красок «ELIАNTO» ИП Романенко Д.А., ИП «Береке», Дом моды «Jаnnа Eltаnovа», «Сәукеле Fаshion», ТОО «Альянс» тігін фабрикасы

5В042100 «Дизайн» мамандығы және 6B02171 «Орта дизайны» -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, «Альянс» жарнама агенттігі, ТОО Международная школа дизаина и программирования, «Erniаs» mediа group жарнама агенттігі, Рекламное агентство ИП Ибарева,

5В041400–«Графика» мамандығы және 6B02150 -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, «Сақ дала» киностудиясы

5В041700-«Сәндік өнер» мамандығы және 6В02160-БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, ЖК «Алтын - Орда»

Алты мамандық және білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің барлық жұмыстары атқарылды. Әр студент өзіне берілген тапсырмаларды орындап, есептерін кафедраға өткізді. Сонымен қатар, барлық топтар базада атқарған жұмыстарының есебін толықтырып дайындады.

Практика барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, өрт қауіпсізідгі шараларын бұзу мәселелері бойынша ескертулер болмады. Базалар тарапынан студенттерге мақтау айтылып, келешекте де практикаға келулерін сұрады.

Студенттер аталған базаларында мамандықтарына сай жұмыстар жасап, шығармашылықтарын шыңдады.

  

Біздің жетістіктеріміз

Оқу үрдісінде оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: виртуалды лабораториялық жұмыстар, электронды оқулықтар, бейнелекциялар, іскерлік ойындар. Бұлардың барлығы студенттер мен магистранттарға білім сапасы және материалды игеру дәрежесін маңызды арттырады.

 Кафедраның оқытушылары ЖОО үздік оқытушысы грантының иегерлері:

- п.ғ.д.доцент Бейсенбаев С.Қ  – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2014 ж.)

- п.ғ.д.профессор  Тәңірбергенов М.Ж  – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2012 ж.).

- п.ғ.к.доцент Жолдасбекова Қ.Ә   – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2014 ж.).

- филос.ғ.к    доцент Болысбаев Д.С  - «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2016 ж.).

- Магистр, аға оқытушы  Рсмаханбетова Ш.Е. Президенттің «Болашақ»   стипендиясының   иегері. 2013 ж.  Мәскеу   Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде тағылымдамадан өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің  әрбір оқу жылындағы  қорытындысы  бойынша    оқытушылар түрлі  номинациялардың  жеңімпаздары атанған:

-  оқытушы Ақәділова Ж.М.-  2016-2017  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;

- аға оқытушы Төребаев Б.П. – 2016-2017 оқу  жылында ОҚМУ үздік аға оқытушысы;

-  оқытушы Ақәділова Ж.М.-  2017-2018  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;

-  оқытушы Оспанов Д.-  2019-2020  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушы - 2019

2018-2019 оқу жылы

Кафедраның аға оқытушысы Төребаев Б.П. Камолиддин Бехзод атындағы Ұлттық бейнелеу өнері және дизайн институтында ғылым саласы бойынша біліктілігін жоғарылатып қайтты. Ташкент қ. Өзбекстан. 2019 ж.

1.  «Егемен Қазақстан» газетінің №243 Болысбаев Д.С. мен Торебаев Б.П.  ның «Мақсатымыз – заман талабына сай, бәсекеге қабілетті өнер маманын дайындау» атты мақаласы жарық көрді. 21.12. 2018

2.  «Болашақ» № 16 газетінде  «Болашақ» № 3 газетінде Болысбаев Д.С., Торебаев Б.П. тің  «Ежелгі өнер – зергелік мамандығы және оның заманауи әлемдегі маңыздылығы» атты мақаласы жарық көрді. 25.04. 2019 ж.

3. Төребаев Б. П.  Ташкент қаласында (Өзбекстан) Бейнелеу және қолөнер өнері фестиваліне «Көк құс», «Таудағы таң», «Геометриялық мотивтер композициясы» атты картиналарымен қатысты.

4. 2018 ж. 25 қазан күні «Жетіасар» көркемсурет галереясында Университеттің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған белгілі өнер шеберлері мен студент жастардың біріккен «ДАЛА ӘУЕНДЕРІ» атты көрме салтанатты ашылды.

5. 2019 ж.  4 наурыз күні «Бейнелеу өнері және дизайн»кафедрасының профессоры А. Айдосовтың өз шәкірттерімен бірге  «ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТОЛҒАНЫС» атты көрмесі салтанатты ашылды.

 

2019-2020 оқу жылы

1. Кафедра меңгерушісі, фғк Болысбаев Д.С. «Ассоцияланған профессор». атағына ие болды.

2. П. ғ. к. кафедраның профессоры Бейсенбаев С.К.2019 жылдың қараша айында Өзбекстан көркемөнер Академиясында  (Ташкент қаласы) өткен HUMANS – ENVIRONMENT – ARTS атты биенналеде жюри мүшесі болды және диплом сертификатпен марапатталды.

3. Ф.ғ.к. ассоцияланған профессорБолысбаев Д.С., аға оқытушылар Джартыбаева Ж., Миронова Т.Г., магистр Оспанов Т. творчестволық бағыттағы жоғары және орта кәсіби оқу орындары суретші оқытушыларының VI Халықаралық көрме-конкурсына қатысты. П. ғ. к. кафедраның профессоры Бейсенбаев С.К жюри мүшесі болды.Джартыбаева Ж.I дәрежелі,ф.ғ.к. ассоцияланған профессор Болысбаев Д.С., аға оқытушылар Миронова Т.Г. мен магистр Оспанов Т.II дәрежелі дипломмен марапатталды

4. МС 16-10к студенттері Байтас М., Ален А., Қолдас С. «Жетіасар»  галереясында (9.12.2019 ж.) өткен «Жас кескіндемешілер» атты ұжымдық көркемөнер көрмесіне қатысты. П. ғ. к. кафедраның профессоры Бейсенбаев С.К III дәрежелі дипломмен марапатталды

5. Кафедра ұжымы 2019 жылдың қараша айында «Жаңа гуманитарлық білім» бағдарламасы бойынша: «Нар-ТВ» телеарнасының «100 жаңа оқулық» атты сериялық түсіріліміне қатысты.

6. Кафедра II курс студенттері XI Республикалық  студенттердің заттық олимпиадасына қатысты Ордабек Асыл II дәрежелі Жолдасова Акниет пен Бүркітбай Салтанат III дәрежелі дипломмен марапатталды

7. Кафедра профессоры Айдосов А. «Шежірелі Түркістан» көркемөнер көрмесіне «Ұлы дала» атты картинасымен қатысты. Ташкент қаласы Өзбекстан. 10.11.2019 ж.

8. Кафедра профессоры Айдосов А. «Түрленген Түркістан» «Шежірелі  көркемөнер фесиваліне   «Ұлы жібек жолы»,  «Түркістан таңы»,  «Қаратау жаққа қараңыз» атты картинасымен қатысып сертификатпен марапатталды. 06.12. 2019 ж.

9. Кафедраның оқытушысы, педагогика магистрі Оспанов Д.М. «ОҚМУ 2018-2019 оқу жылының үздік оқытушысы»  номинациясының жеңімпазы атанып, сертификатпен марапатталды.

10. Университеттің «Университет» газетінің № 1 санында (24.01. 2020 ж.)

 П. Т  Ибраимова мен Ж. Сатанованың «Бейнелеу өнеріндегі құндылық» атты мақаласы жарық көрді.

11. «Аталар сөзі» газетінің № 3 саны (12 ақпан 2020жыл)  Ибраимова П. Т. мен Рсмаханбетова Ш. Е. нің «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттерінің кәсіптік-іс тәжірибесі- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың бір түрі ретінде» атты мақаласы жарық көрді.

12. Кафедраның магистр-оқытушылары Г. Дайрабаева, Л. Ибрагимова, аға оқытушы К. Есенбаева қалалық «Панорама Шымкента» газетінде № 3 (24 қаңтар 2020 ж.) «В руки нити берем» атты мақаласы жарық көрді.

 

2020-2021 оқу жылы

  1. Кафедраның магистр-оқытушысы Оспанов Т. М. Нұр-Сұлтан қаласының  «Алаш» өнер орталығында 2021 ж. қазан айында өткен өнер байқауында «Қолөнер» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

              2.Кафедраның магистр-оқытушысы Оспанов Т. М. жоғары оқу орындары арасында 2021 ж. сәуір айында  өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік Олимпиадада жетекшілік етіп III дәрежелі дипломмен марапатталды.

              3. Ф.ғ.к. ассоцияланған профессор Болысбаев Д.С., аға оқытушылар Джартыбаева Ж., Миронова Т.Г., магистр Оспанов Т. творчестволық бағыттағы жоғары және орта кәсіби оқу орындары суретші оқытушыларының «Творческий осень – 2020» VI I Халықаралық көрме-конкурсына қатысты. Магистр-окытушы Оспанов Т. М. лауреат, магистр-окытушы Сайнанов Б.А. II дәрежелі дипломмен, ф.ғ.к. ассоцияланған профессор Болысбаев Д.С.,  магистр-окытушы Мамешов М. Ж. III дәрежелі дипломмен марапатталды.

4. Кафедраның магистр-оқытушысы Оспанов Д. жоғары оқу орындары арасында 2021 ж. сәуір айында  өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік Олимпиадада жетекшілік етіп II дәрежелі дипломмен марапатталды.

  5. Аға оқытушы Дайрабаева Г.И. Республикалық «Лидер-педагог 2021» байқауының тест нәтижесі бойынша 2 дәрежелі педагог ретінде марапатталды. Алматы Форум 2021 ж.

  6. Дайрабаева Г.И. 2021 ж. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы-2020» атты республикалық байқауда I дәрежелі дипломмен марапатталды.

  7. Дайрабаева Г.И. 2020ж қазан айында III жалпыресейлік  «Мода 4.0 –Еvolution» фестиваліне қатысып дипломмен марапатталды.

8. Аға оқытушы Дайрабаева Г.И. Ы Алтынсариннің 180 жылдығына арналған Республикалық «Лидер-Педагог 2021» байқауына белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

9. П.Ғ.К. Жолдасбекова Қ. Ә., аға оқытушы Офицерова Н. Р. Ханазарова К., Джартыбанва Ж., Жакипбекова М.   21.12.-31.12.2021 ж. мерзімі аралығында «Өнер тарихы» пәнінен «Заманауи оқыту технологиясы»  курсы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты.

10. Профессор Айдосов А. «Ұлы дала тұлғасы» атты Халықаралық конкурста шікірт даярлауғ үлес қосқаны үшін ҚР мәдение және спорт министрлігі алғыс хатымен марапатталды. Алматы 2020 ж.

11. Профессор Айдосов А. 10 января 2021 г. получил благодарственное письмо от Огкомитета художественной выставки, которой прошла в г. Вена (Австрия.

13. Старший преподаватель Офицерова Н. Р. Участвовала на Открытом Международном чемпионате искусства и спорта «SalemQazaqstan - 21» («Голландский натюрмор» х/м 100х 120) и награждена дипломом лауреата.

 

  Ғылыми өмір

    Кафедра оқытушы-профессорлар  құрамы Б-16-12-06 «Өнер саласындағы студенттерді кәсіби дайындау жүйесін модернизациялау».  мемлекеттік  бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Тақырып жетекшісі п.ғ.к., доцент Жолдасбекова Қ.Ә. Кафедра оқытушылары 50-ден аса оқулықтар мен оқу құралдарының,  20-дан  аса электронды оқулықтардың, 10 электрондық оқу құралы,   2 монография,  өзге  де  ғылыми-әдістемелік материалдардың авторлары.   20-дан астам   зияткерлік  меншік  құқығына  авторлық  куәлік алынған.   Кафедра  оқытушы-профессорлары  құрамының  ғылыми  мақалалары  жоғары  рейтингілі  басылымдарда, ККСОН  тіркелаген   журналдарда, РИНЦ  басылымдарында, халықаралық  және  республикалық  ғылыми-тәжірриелік  конференцияларда  жарияланады.  

Кәсіби бағдар беру 

Кафедра 2020-2021 оқу жылында 6 мамандық бойынша мамандар дайындайды: 6В02170-«Сән дизайны», 6В02171-«Орта дизайны», 6В002160-«Сән өнері», 6В02140-«Кескіндеме», 6В01431-«Визуальды өнер, көркем еңбек, гаафика және жобалау», 6В02150-«Графика», сонымен қатар 7М02170-«Дизайн», 7М0215-«Графика», 6М02140-«Кескіндеме», 6М01430-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша магистратурада мамандар дайындайды. Кафедра оқу және материалдық базасына Тәжібаев көшесінде, 2 мекенжайда орналасқан №8 ғимаратына 108, 400, 402, 405, 406, 200, 307, 303, 409, 509, 511, 13, 14, 15, 16 аудиториялары кіреді.

 

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.